(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.28.11 № 1249 ҚАУЛЫСЫ
Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадығы № 1249 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-8-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 28 қарашадағы
№1249 қаулысымен бекітілген
Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар келу кезінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) декларация - импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация;
2) өтініш - тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
3) міндеттеме - қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер, тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсету және оларды нысаналы пайдалану туралы міндеттеме, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама;
Редакция документа
Демо – версия документа