«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (2013.13.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.25.02. № 150 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.13.02. № 129 Қаулысымен тарқырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет стандарты
(2013.13.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013.13.02. № 129 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша көрсетеді.
Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет бағдарламасы;
2) қаржы институттары - екінші деңгейлі банктер, банктік қызметті жүзеге асыру құқығына ие тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
3) қарыз алушы - меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға, меншік құқығында сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлға және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөнінде қызметтер көрсететін селолық тұтыну кооперативі;
4) кредит (лизинг) - кредиттік келісім негізінде қаржы институтының қарыз алушыға берген ақша сомасы (лизинг мәні);
5) кредиттік келісім - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз (қаржы лизингі) шарты;
6) сыйақы ставкасы - қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері;
7) комиссия - Министрліктің бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындау және субсидиялауды бөлу үшін құрылған комиссиясы.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының;
Документ утратил силу
Демо – версия документа