(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1108 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттк қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша көрсетеді.
Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарлама - тиісті қаржы жылына арналған 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының орнын толтыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы;
2) қаржы институттары - екінші деңгейлі банктер, банктік қызметті жүзеге асыру құқығына ие тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
3) қарыз алушы - меншік нысанына қарамастан, шаруақожалығын (фермерлік) қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға;
4) кредит (лизинг) - кредиттік келісім негізінде қаржы институтының қарыз алушыға берген ақша сомасы (лизинг мәні);
5) кредиттік келісім - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз (қаржы лизингі) шарты;
6) сыйақы ставкасы - қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері;
7) комиссия - Министрліктің бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындау және субсидиялауды бөлу үшін құрылған комиссиясы.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының;
2) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 2-тармақшасының және 11-бабының негізінде көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа