«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.03.06. № 607 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағы 29) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде және инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды қағаз тасығыштағы келісу (бұдан әрі - келісу) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - бес жұмыс күні;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
Документ утратил силу
Демо – версия документа