Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014.03.06. № 607 Қаулысымен күші жойылды 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1108 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жерсіндіруге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылық комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағы 48) тармақшасының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде және инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жерсіндіруге қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - үш жұмыс күн;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку