Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1108 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті:

1) жануарлар дүниесін (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін жануарлардан басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға:

аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;

жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;

жануарлардың тіршілік ету әрекеттерінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға;

аңшылық алқаптарының резервтік қорында аңшылық жүргізуге рұқсат беру кезінде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет);

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделмеген жағдайларда заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтіндерден басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде Комитеттің осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - 1-инспекциялар);

3) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа) бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылық комитетінің осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - 2-инспекциялар) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку