«Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2013.07.06. № 587 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) мынадай мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 6-тармағының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 203 бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды есептік тіркеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің www.memst.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Қағаз жеткізгіште Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті растау саласында жұмыстар жүргізуге есептік тіркеу туралы куәліктің берілуі не жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 15 минут.
Документ утратил силу
Демо – версия документа