Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметтің стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1127 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
мемлекеттік қызметтің стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мына мекенжай: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0503 кабинетінде көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17 және 68-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығыштағы жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе қағаз тасығыштағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Куәлік осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта жазбаша түрде ресімделеді.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап бес күннен аспайды;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;

3) жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлігін алған кезде рұқсат берілген кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку