-
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау туралы ереже
(2009.31.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі негізгі мәселелерді регламенттейді.
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері;
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың негізгі мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
Редакция документа
Демо – версия документа