Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 28 cәуipдегі

№ 407 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөніндегі негiзгi мәселелерді регламенттейдi.

2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың негiзгi мақсаты:

1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу;

2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздiгiн қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын алып келуден және таратудан қорғау;

4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою.

3. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi, ветеринариялық бақылау бекеттерi бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлiмшелерi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды

жүзеге асыратын ветеринариялық инспекторлар

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку