(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 983 ҚАУЛЫСЫ
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысы
(2011.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.06.06. № 547 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 847 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.05. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы
| - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
|
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы
| - Қазақстан Республикасының Әділет вице- министрі, төрағаның орынбасары
|
Берекетов Мақсат Берекетұлы
| - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Хапықаралық шарттарды сараптау департаменті директорының орынбасары, хатшы
|
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы
|
Редакция документа
Демо – версия документа