(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1111 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 Қаулысы
(2012.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2011.07.07. № 778 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа