(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2010.19.03 № 958 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығы
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2012 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлесін және бекітсін;
2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
3) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 шілдеге және 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінежүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы.
№ 958
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
Редакция документа
Демо – версия документа