«Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысымен бекітілген) (2013.19.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 Қаулысымен 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 378 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген
«Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс, 7-қабат, № 701-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар), www.e.gov.kz «электронды үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-10-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында (электронды мекенжайы: www.emer.kz, «Рұқсат беру рәсімдері» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі);
Документ утратил силу
Демо – версия документа