(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 31.10.03 Ж. № 62 БҰЙРЫҒЫ
«Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» № 1-М нысанды статистикалық есепті құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2003 ж. 31 қазандағы № 62 бұйрығы
(2010.20.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыс туралы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
1. Бекітіліп:
1) «Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» № 1-М нысанды статистикалық есеп қосымшаға сәйкес;
2) «Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» № 1-М нысанды статистикалық есеп пен оны құрастыру бойынша Нұсқаулық қосымшаға сәйкес.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (Р.С.Хайруллин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге алу үшін шаралар қолдансын.
3. Бұйрық құқықтық статистика субъектілеріне, Бас әскери прокурорға, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке және оның аумақтық бөлімшелеріне, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап өз күшіне енеді және 2004 жылдың 1 қаңтарынан құқықтық қатынас жасау үшін таратылады.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
»Келісілген»: |
|
|
|
|
|
| Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
|
|
|
|
| Ішкі істер министрі |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
|
|
|
| 2003 жылғы 28 қазан |
2003 жылғы 30 қыркүйек
Қазақстан Республикасының
Редакция документа
Демо – версия документа