«Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 25-ө бұйрығы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 25-ө бұйрығы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4740 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жариялаған, 2007 ж., маусым);
2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө «Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 236-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5875 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 118 (1321) «Юридическая газетада» жарияланған);
Демо – версия документа