«Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 236-ө Бұйрығы (күші жойылды)
«Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 236-ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 25-ө бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген № 4740, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 118 (1321) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
атауында және 1-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша «Аумақтық басқармалар», «Аумақтық басқармаларға», «Аумақтық басқарманың», «Аумақтық басқарма», «Аумақтық басқармалармен» деген сөздер «Аумақтық бөлімшелер», «Аумақтық бөлімшелерге», «Аумақтық бөлімшенің», «Аумақтық бөлімше», «Аумақтық бөлімшелермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «орталық атқарушы» деген сөздер «уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын, «лауазымды тұлғалар» деген сөздер алынып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа