«Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 Қаулысы (2013.23.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 Қаулысы
(2013.23.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 812 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 7-бабының 26-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 25 шілдедегі
№ 968 қаулысымен
бекітілген
Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-3) тармақшасына, «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындарда (бұдан әрі - ұйымдар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысының (бұдан әрі - қорғаныстық тапсырыс) орындалу сапасын бақылауды іске асыру тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа