(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 31 ТАМЫЗДАҒЫ № 912 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн толықтырулар мен өзгерістер бекiтілсiн.
2. Осы қаулы, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн толықтырулар мен өзгерістердiң 3-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 12 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн
толықтырулар мен өзгерістер
1. «Әскери қызметшілерге (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 16, 170-құжат):
тақырыбында және 1-тармақта «мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден» деген сөздерден кейiн «және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздермен толықтырылсын, «тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету» деген сөздер «жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа