(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2012.06.01 № 528-IV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Ғарыш қызметі туралы
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
2-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғарыш айлағы - ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылыстар мен жер учаскелері кешені;
2) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары - ғарыш жүйелерін басқаруды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
4) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;
5) ғарыш зымыран кешені - ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;
6) ғарыш кеңістігі - теңіз деңгейінен жүз километрден астам биіктіктегі әуе кеңістігінен тысқары жатқан кеңістік;
Редакция документа
Демо – версия документа