(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 513-II ҚР ЗАҢЫ
Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
2) турагент - туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) туроператор - туристiк өнiмді қалыптастыру, оны турагенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристiк өнiмді ұсыну мен өткізу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа