«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 926 Қаулысы (2012.12.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 926 Қаулысы
(2012.12.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 186 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 321 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) беріліп, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
4. «Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 36, 553-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 926 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа