Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар жиһаз бен казармалық мүкәммалды сатып алуды тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 шілдедегі

№ 937 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормалары*

 

№ 1 норма. Казармалар мен жатақханалар

 

Р/с №

Атауы

Қанша адам санына (үй-жайларға) есептелген

Норма бойынша тиесілі саны (дана)

Ескертпе

1

2

3

4

5

1. Жатын үй-жайлар

1) сарбаздар, матростар, әскери оқу орындарының 1-2-курс курсанттары, кіші мамандар мектептері үшін

1

Армиялық кереует

1 адамға

1

Тұрмыстық кереует орнатуға рұқсат етіледі

2

Армиялық тумбочка

2 адамға

1

 

3

Армиялық табурет

1 адамға

1

 

4

Сыртқы киімді, бас киімдер мен зат қаптарын сақтауға арналған шкаф**

10 адамға

1

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку