(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 05.12.98 Ж. № 266 Қ...
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 ж. 5 желтоқсандағы № 266 Қаулысы
(2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану ережесi бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және бекітілген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркесiн;
2) осы қаулыны және тiркелген Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және аталған Ереженi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
3. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.07. № 65 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бухгалтерлік есеп департаментi (Рахметова С.К.) Банктік қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) және Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп ұсынылған Ережеге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекiткен (1994 жылғы 16 желтоқсандағы № 25 хаттама) Қазақстан Республикасының банктерiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру ережесiне өзгерістер мен толықтырулар жобасын дайындап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесі күшіне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1994 жылғы 15 қарашадағы мәжілістің № 22 хаттамасы) Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу туралы ереженің;
Редакция документа
Демо – версия документа