«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.21.02. № 122 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 833 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатынан және
оның аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі - ІІМ АрММ), оның аумақтық бөліністері (бұдан әрі - АрММ аумақтық бөліністері) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі - оқу орындарының АрММ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібі туралы толық ақпарат ІІМ-нің ресми интернет-ресурсында: ІІМ-нің mvd.gov.kz. веб порталында орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауапты қағаз тасығыштарда жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша беру болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа