«Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 Қаулысы (2013.23.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 Қаулысы
(2013.23.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
К. Мәсімов |
Үкiметiнiң
2012 жылғы 9 маусымдағы
№ 773 қаулысымен
бекiтiлген
Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
2) кондициялық масса - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану мен ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы;
3) мақтаның сандық-сапалық есебі - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;
4) мақта партиясы - мақтаның сапасы туралы деректері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша біртекті мақтаның оқшау өлшемі;
5) нақты салмағы - таразыларда өлшеу жолымен айқындалған мақта массасы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа