Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық- инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 745 Қаулысы (2013.20.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық- инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 745 Қаулысы

(2013.20.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 401 Қаулысымен күші жойылды

 

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктері айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 маусымдағы

№ 745 қаулысына

қосымша

 

 

Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктері

 

1. Қаржыландыру шарттары

 

1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары:

1) Қазақстан Даму Банкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттарының (бұдан әрі - қаржыландырушы ұйым) индустриялық-инновациялық жобаны (бұдан әрі - жоба) қаржыландыруға қатысу мөлшері ол жоба сметасы сомасының 80 % (сексен пайыз) аспайды;

2) жоба сметасы шеңберіндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің (бұдан әрі - субъект) және (немесе) өзге үшінші тұлғалардың қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции