«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 679 Қаулысы (күші жойылды)
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 679 Қаулысы
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығын қараңыз
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
|
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 679 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау тәртібін белгілейді.
2. Субсидиялау 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа