Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.03 № 270 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 наурыздағы

№ 270 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау
жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

2. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

4. Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.

 

 

2. Лицензия беру тәртібі

 

5. Өтініш беруші лицензия алу үшін (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мына құжаттарды:

1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);

4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);

5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку