(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.04 № 367 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысы
(2010.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өнiмдердiң адамның өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн, ұлттық қауiпсiздiкті және нормативтiк құжаттарға сәйкес келетін және тұтынушылардың талабын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті отандық өнiмдi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесi;
2) сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тізбесi бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 4-бөлім толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді); ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 424 (бұр.ред.қара); 2008.28.06. № 637 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1117 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 20 сәуірдегі
№ 367 қаулысымен
бекiтілген
Мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен
қызметтердiң тiзбесi
КО СЭҚ ТН коды | Өнiмнiң атауы |
1 | 2 |
1. Автокөлiк құралдары және олардың бөлiктерi, бөлшектерi
8703 21 10 8703 21 90 | Қозғалтқыш цилиндрлерiнiң көлемi 1000 текше см-ден аспайтын жаңа және пайдалануда болған жеңiл автомобильдер |
8703 22 10 8703 22 109 1 8703 22 109 9 8703 22 90 | Қозғалтқыш цилиндрлерiнiң көлемi 1000 текше см-ден асатын жаңа және пайдалануда болған жеңiл автомобильдер |
8703 23 110 0 8703 23 19 8703 23 90 | Жаңа және пайдалануда болған моторлы көлiк құралдары
|
Редакция документа
Демо – версия документа