Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 647 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 647 Қаулысы

(2022.03.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1330 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестік жарғысының бекітілуін;

2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

3. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1330 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1330 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1330 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1330 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. Мүдделі мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 21 мамырдағы

№ 647 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции