(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 20 АҚПАНДАҒЫ № 175 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 20 ақпандағы
№ 175 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін
(дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын)
азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу тәртібін анықтайды.
Ереже азықтарды және азық қоспаларын өндіретін (дайындайтын) және әкелетін (импорттайтын) барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа