«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 Өкімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдері Іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығына жүктелсін.
5. Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы |
М. Құл-Мұхаммед |
Мемлекеттік хатшысының
2012 жылғы 18 мамырдағы
№ 2 өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының
XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны | Орындау үшін жауаптылар | Орындауға бақылау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі нығайту және дамыту | |||||
1. | ҚХА-ның XIX сессиясындағы Мемлекет басшысы сөзінде белгіленген қағидаттарды ескере отырып ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясын пысықтау және қабылдау | 2012 жылдың соңына дейін | Жарлық жобасы | ҚХАХ, МАМ | ҚХАХ |
2. | Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары меңгерушілерін тәжірибелі және беделді мамандардан жасақтау | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ | ҚХАХ |
Демо – версия документа