«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 Қаулысы (2013.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 Қаулысы
(2013.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 585 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу тәртібін анықтайды.
2. Есептік кезеңге арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары (бұдан әрі - ұлттық жоспар) негізінде берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі мынадай жағдайларда қайта қаралады:
1) есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
2) есепті кезең ішінде парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін енгізу.
Документ утратил силу
Демо – версия документа