«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 73-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 73-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 73-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 240 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ІІМ | 2012 жылғы сәуір |
Демо – версия документа