Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысы (2015.25.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысы

(2015.25.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 621 Қаулысымен күші жойылды

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері бекітілсін.

2. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 13, 167-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

№ 381 қаулысымен

бекітілген

 

 

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру

қағидалары және оның мөлшері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері (бұдан әрi - Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әзірленген және патронат тәрбиешiлерге берiлген балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции