«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 Қаулысы (2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 Қаулысы
(2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.24.08. № 1085 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлу;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (2-кезең) арналған көлемін бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.24.08. № 1085 Қаулысымен бөлу жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 336 қаулысымен бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу (1-кезең)
Р/с № | СЭҚ-ке қатысушылардың атауы | СЭҚ-ке қатысушының СТН-і | Тонна | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
Ірі қара малдың мұздатылған еті (КО СЭҚ ТН 0202 коды) | ||||
1 | «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 271800004553 | 24,867 | |
2 | «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 600400236114 | 693,841 | |
3 | «Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы | 271812413934 | 6,169 |
Демо – версия документа