(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.27.06 № 534 ҚАУЛЫСЫ
Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 Қаулысы
(2010.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 27 маусымдағы
№ 534 қаулысымен
бекітілген
Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Ереже темір жол, теңіз, өзен, автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиялар беру тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертіліді
3. Теңіз, өзен, автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - лицензиар) береді.
Редакция документа
Демо – версия документа