(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРІНІҢ 2011.14.03...
Авиация персоналы куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә. Құсайынов |
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген
Авиация персоналы куәлігін беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиация персоналы куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) 1-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағида азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа