«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысымен бекітілген) (2013.23.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.08.10. № 1268 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.23.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ ол мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 32) тармақшасының және 28-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.mki.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті органда орналасқан стенділерде;
3) порталда орналастырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1614 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында фильмге прокаттау куәлігін (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) беру не электрондық құжат нысанында прокаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа