Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.17.01 № 83 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.08.10. № 1268 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 17 қаңтардағы

№ 83 қаулысымен

бекітілген

  

Фильмге прокаттау куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.08.10. берілген өзгерістермен)



1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ ол мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 32) тармақшасының және 28-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.mki.gov.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органда орналасқан стенділерде;

3) порталда орналастырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

5. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында фильмге прокаттау куәлігін (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) беру не электрондық құжат нысанында прокаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку