«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 19-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 19-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 19-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесi
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, ЭДСМ | 2012 жылғы ақпан |
2. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2012 жылғы ақпан |
Демо – версия документа