Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 Қаулысы (күші жойылды)

Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығын қараңыз

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 63-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1726 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ормандағы өрт қауіпсіздігі

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және орман өрттерінің алдын алу, оларды уақтылы анықтау және жою, орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Қағидалардың талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) орман қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;

3) орман пайдаланушы - Кодексте белгіленген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку