«Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін және еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысы
Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін және еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 49-бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесі;
2) еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың
тізбесi
№ | Атауы | ЭҚ ӨЖ коды | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Демо – версия документа