Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 373-ІІ ЗАҢЫ

Инвестициялар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы

(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері;

 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку