Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 10 ҚАРАШАДАҒЫ № 1433 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 10 қарашадағы № 1433 қаулысы

(2005.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.

2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi:

1) Iшкi iстер министрлігінің штат саны лимитiнiң шегiнде 826 бiрлiк штат саны лимитiмен дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөніндегі полиция полкi;

2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын.

3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Күзет" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - "Күзет" РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес "Күзет" РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ұсынысы қабылдансын.

4. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік күзетуге жататын объектiлердiң тiзбесi бекітілсiн.

5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) құрылатын мемлекеттік мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку