(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 13.02.2009 № 134-ІV ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
(2011.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011.28.12., 2012.09.01. және 2012.12.01. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Қор тобының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері
3-тарау. Қор тобындағы корпоративтік басқарудың ерекшеліктері
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Қордың тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жанама иелену - заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) Қордың немесе компанияның үшінші тұлғалар арқылы иеленуі;
2) компаниялар - ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;
3) Қордың тобы - Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңда өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар.
Қордың тобына:
кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) өткізу жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар;
Редакция документа
Демо – версия документа