(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.12.2008 № 1126 ҚАУЛЫСЫ
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 Қаулысы
(2011.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қортындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
Бағдарламасы
Мазмұны
|
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау |
Редакция документа
Демо – версия документа