(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.07 № 711 ҚАУЛЫСЫ
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 Қаулысы
(2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйлерді сатуды жүргізсін;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тұрғын үйлерді сату туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 19 шілдедегі
№ 711 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату
ережесі
ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 939 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа