Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖӘНЕ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА САНАТОРИЙ-КУР...

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнің

2005 жылғы 20 шілдедегі

№ 754 қаулысымен

бекiтілген

 

 Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну
ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже мүгедектер мен мүгедек балаларға, олардың организмiнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулығын қалпына келтiруге бағытталған медициналық оңалту мақсатында санаторий-курорттық емделудi ұсынудың тәртібін белгілейдi.

1. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.

2. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлетті органы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен сатып алады.

3. Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi - ауданның (қаланың) уәкiлетті органы) жүргiзедi.

4. Ауданның (қаланың) уәкiлетті органы өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналын жүргiзедi (жоғарыда аталған Ережеге 2-қосымша).

Журнал нөмiрленген, тігілген және ауданның (қаланың) уәкiлетті органының мөрiмен расталған болуы тиiс.

 

 

2. Өтініш берудің тәртібі

 

5. Мүгедектер, не олардың жазбаша келісімiмен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдерi белгiленген нысандағы өтiнiштi (жоғарыда аталған Ережеге 1-қосымша) ауданның (қаланың) уәкілеттi органына бередi.

Өтінішке мынадай құжаттар:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку